Президенттің Жолдауын үлкен үмітпен тыңдадым. Онда айтылған мәселелердің көбі халықтың күнделікті өміріне тікелей қатысты екені қуантады. Әсіресе әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және жұмыс орындарын көбейту жайлы бастамалар біз үшін өте маңызды.
Қазіргі кезде қарапайым халықты ең алдымен толғандыратын мәселе – күнкөріс, бағаның өсуі, баспана және сапалы медицина. Жолдауда осы бағыттарға ерекше назар аударылғаны сенім ұялатады.
Бізге енді ең бастысы – айтылған тапсырмалар сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде орындалса екен. Мен өз елімнің дамыған, әділ әрі халыққа жайлы мемлекет болғанын қалаймын. Егер билік пен халық бірлесе әрекет етсе, біз бұған жете аламыз деп сенемін.
Қала тұрғыны
Бейбіт Өрбісінов




