Әділетті Қазақстан

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Әділетті Қазақстан құру жолындағы жүйелі реформалардың маңызын ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, заң үстемдігі – мемлекет дамуының берік іргетасы әрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негізгі кепілі.

Осы орайда, заңгерлер қауымдастығы Мемлекет басшысының сот жүйесін жетілдіру, құқық қорғау органдарының ашықтығын арттыру, азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті қоғамда терең орнықтыруға бағытталған бастамаларын толық қолдайды.

Бұл реформалар құқыққа деген қоғамдық сенімді нығайтып, әділетті әрі жауапты мемлекетті қалыптастыруға қызмет етеді. Заңгерлер ретінде біз де заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтық мемлекетті дамыту жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезінеміз.

Заңгер Жадыра Жұмабайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT