Әділетті Қазақстан – жарқын болашақ кепілі

Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты – ел дамуының алдағы бағытын айқындайтын маңызды саяси құжат деуге болады. Сұхбатта Президент Қазақстанның қазіргі кезеңдегі басты міндеттері мен жүргізіліп жатқан реформалардың мән-маңызын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға нақты бағдар ұсынды. 

Президент өз сұхбатында саяси жаңғыру, әділетті мемлекет қалыптастыру, заң үстемдігін күшейту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Бұл – елде жүргізіліп жатқан реформалардың халық мүддесіне бағытталғанын көрсетеді. Әсіресе, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы қоғамдағы сенімді арттырып, мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілікті нығайтуға негіз болатыны анық.

Сұхбатта экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік саладағы өзгерістер де кеңінен қозғалды. Бұл бағыттар еліміздің тұрақты дамуына және жаһандық бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Президенттің ойынша, жаңғыру тек экономикалық немесе саяси өзгерістермен шектелмей, азаматтардың сана-сезімі мен жауапкершілігін арттырумен тығыз байланысты. 

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының бұл сұхбаты – Қазақстанның жаңғыру жолындағы нақты қадамдарын айқындайтын, халықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды үндеу. Ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін бұл сұхбат ой салып, жауапкершілік жүктейді деп есептеймін. 

Жылыой аудандық аурухананың меңгерушісі

Злиха Құлғазиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT