Өңдеу өнеркәсібіне серпін беретін шешуші кезең

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі пікірі – ел экономикасының алдағы бағытын айқындайтын маңызды үндеу. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл салаға жаңа серпін беретін уақыт әлдеқашан келді.

Өйткені өңдеу өнеркәсібі – экономиканы әртараптандырудың, тұрақты өсім мен сапалы жұмыс орындарын қалыптастырудың басты тіректерінің бірі. Соңғы бес жылда бұл бағытта бірқатар оң өзгерістер бар екені рас. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есеге артып, 17 триллион теңгеге жуықтауы – айтарлықтай жетістік. Сонымен қатар оның жалпы ішкі өнімдегі үлесінің 12,4 пайызға жетуі саланың экономикалық маңызын арттыра түсті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндірістің іске қосылып, 12,5 мың тұрақты жұмыс орнының ашылуы – атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі. Алматы, Қостанай, Қарағанды және Атырау облыстарында машина жасау мен металлургия салаларында ірі кәсіпорындардың ашылуы өңірлік дамуға да тың серпін берді. Биыл Алматыда Қазақстандағы ең ірі автокөлік шығаратын зауыттың іске қосылуы – отандық өнеркәсіптің әлеуетін көрсететін маңызды оқиға. Дегенмен Президент атап өткендей, бұл жетістіктермен тоқмейілсуге болмайды. Қазіргі нәтиже – қажетті деңгейдің тек бір бөлігі ғана.
        Менің ойымша, басты мәселе – өңдеу өнеркәсібін дамытудың жүйелілігі мен үйлесімділігінің жоқтығы. Экономиканы әртараптандыру ісі бірізді, нақты жоспарға сүйеніп жүргізілуі тиіс. Қазір салаға көрсетілетін қолдау шараларын әртүрлі институттар өз талаптары мен ұстанымдарына сай жүзеге асырып отыр. Мұндай бытыраңқы тәсіл кәсіпкерлер үшін түсініксіз жағдай туғызып, олардың белсенділігін төмендетеді.


 Асқар Сүгіров, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT