Браконьерлікке тосқауыл 

Бүгінде браконьерлік жай ғана заң бұзушылық емес, ұйымдасқан әрі қауіпті қылмыс түріне айналып отыр. Заңсыз аңшылықпен айналысатын топтар заманауи техникамен жабдықталып, қару қолданудан да тайынбайды.

Ең сорақысы – олардың өз әрекеттері үшін жазасыз қалатынына сенімді болуы. Биылдың өзінде жануарлар дүниесін қорғау жолында екі инспектордың браконьерлер қолынан қаза табуы бұл мәселенің қаншалықты ушығып тұрғанын айқын көрсетеді.

Жуырда Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топтың әшкереленуі – соның бір ғана көрінісі. Алайда бұл жекелеген жағдай емес, керісінше тамыры тереңге жайылған жүйелі проблема. Бұл туралы Президентіміз өз жолдауында айрықша атап өткен еді. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлардың орын алуына кейбір құқық қорғау органдарының салғырттығы мен бақылаудың әлсіздігі де әсер етуде.

Браконьерлер елдің ең басты байлығы – табиғатқа орны толмас зиян келтіріп, биологиялық алуан түрлілікке қауіп төндіруде. Сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Заң талаптарын күшейтіп қана қоймай, табиғатты қорғау саласындағы бақылауды арттыру, инспекторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық жауапкершілігін күшейту – уақыт талабы.

Бекет Нариман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT