Болашаққа бастайтын білім мен инновация Конституциясы

Жаңа Конституция жобасын оқи отырып, мен ең алдымен оның болашаққа бағытталғанын аңғардым. Бұл құжатта мемлекеттің басты байлығы минералды ресурстар емес, адами капитал екені нақты көрсетілген.

Білім, ғылым, мәдениет және инновация негізгі идея ретінде айқындалуы – стратегиялық тұрғыдан өте дұрыс шешім.Жасанды интеллект дәуірінде өмір сүріп отырған біз үшін цифрлық құқықтарды Конституция деңгейінде бекіту – тарихи жаңалық. Азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманың енгізілуі еліміздің технологиялық даму бағытына сай келеді. Қазақстанның Халық Кеңесін құру – қоғам мен билік арасындағы диалогты жаңа деңгейге көтереді. Заң шығару бастамасы құқығына ие консультативтік органның болуы азаматтық қоғам институттарын нығайтады.

       Маған ерекше әсер еткені әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарының конституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл тек құқықтық емес, моральдық бағдар. Экологиялық жауапкершіліктің Ата Заңда көрініс табуы болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінудің белгісі.

Айнұр Төлегенова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT