Болашаққа бағытталған батыл қадам

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат.

Конституциялық реформалардың бастамашысы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысы саяси жүйені кешенді жаңғыртуға бағытталған стратегиялық шешім болды.
         Жаңа жоба кең ауқымды қоғамдық талқылаудың нәтижесінде әзірленді. Азаматтар e-Otinish және eGov порталдары арқылы белсенді түрде ұсыныстар жолдап, екі мыңнан астам пікір қаралды. Бұл – шынайы халықтық қатысудың айқын көрінісі. Құжаттың басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының жоғары басымдыққа ие болуы. Жаңа Преамбулада олар алғаш рет мемлекеттің негізгі құндылығы ретінде жарияланды. Сонымен қатар, егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілді.Бір палаталы 145 депутаттан тұратын жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы заң шығару үдерісін ықшамдап, жауапкершілікті арттыра түседі. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың институционалдық дамуына серпін береді.
                 Бұл жоба – жай ғана құқықтық түзету емес, елдің саяси философиясының жаңғыруы. Ол Қазақстанды әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде орнықтыруға бағытталған.


Ақмарал Алдоңғарова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT