Бірпалаталы Парламент – тиімді басқару кепілі

Қазақстандағы конституциялық реформа – саяси жүйені оңтайландыруға бағытталған батыл әрі уақтылы шешім. 2025 жылғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бір палаталы Парламент құру идеясы бүгін нақты мазмұнға ие болды.

145 депутаттан тұратын жаңа Құрылтайдың құрылуы – заң шығару үдерісін жеделдетуге және оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қос палаталы құрылымдағы қайталанатын рәсімдер қысқарып, саяси жауапкершілік айқындалады. Әсіресе, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі партиялардың кадрлық әлеуетін күшейтіп, идеологиялық бәсекелестікті өркениетті арнаға бағыттайды. Тағы бір маңызды институт – Қазақстанның Халық Кеңесі. Бұл орган заң шығару бастамасы құқығына ие болып, қоғам мен билік арасындағы тұрақты диалог алаңына айналмақ. Мұндай құрылым азаматтық қоғамның саяси үдерістерге ықпалын күшейтеді.

Вице-президент институтының енгізілуі де басқару жүйесін икемді әрі тиімді етеді. Бұл халықаралық және қоғамдық байланыстарды жүйелі жүргізуге, стратегиялық міндеттерді үйлестіруге ықпал етеді.


Думан Хисметов, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT