Білім, ғылым және инновацияға негізделген жаңа Қазақстан

Жаңа Конституция - елдің құқықтық, әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін шешуші маңызды қадам. Бұл құжат тек құқықтық рамка құрып қана қоймай, заң үстемдігін одан әрі нығайтуға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты механизмдерді айқындайды. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, олардың өзара жауапкершілігін арттыру мемлекеттің тиімді әрі ашық басқарылуын қамтамасыз ететін маңызды бастама.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту елдің демократиялық құрылымдарын тереңдетудің айқын көрінісі деп атап өтуге болады. Бұл жаңа Конституция арқылы әрбір азамат өз елінің дамуында белсенді қатыса алатындығын, өз пікірін айтуға және шешімдер қабылдау процесіне араласуға мүмкіндік алатынын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, құжаттың жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылуы демократиялық қоғамды қалыптастырудағы ерекше маңызды тарихи сәт. Сонымен қатар, жаңа Конституция білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияны стратегиялық даму тіректері ретінде қарастырады. Бұл бағыт елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде шешуші фактор болып табылады. Цифрландыру, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық жүйені дамыту сияқты шаралар – елдің экономикасын модернизациялау мен технологиялық көшбасшылыққа жету жолындағы нақты қадамдар. Бұл әсіресе жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің жауапкершілігін арттырып, олардың ұлттық дамудағы рөлін күшейтеді. Сондықтан бұл жаңа құжат Қазақстанның тек құқықтық жүйесін жаңартып қана қоймай, қоғам мен экономика, білім мен ғылым, инновация мен мәдениетті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған толыққанды стратегиялық бағдарлама. Ол елдің тұрақты, әділетті, саналы және жаңашыл дамуына негіз болып, халықтың өмір сапасын арттыруға, ұлттық мүдделерді қорғауға және әлемдік аренада Қазақстанның беделін күшейтуге нақты бағыт береді.
 
Жәнібек Хайруллаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT