Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы – еліміздің Конституция тек билік пен құқықтық нормаларды сақтау емес, ұлттың болашағы екендігі атап өтілді.
Баяндамада Қазақстанның тек экономикалық емес, рухани, әлеуметтік және құндылықтық тұрғыдан да жаңғыру кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетті.
Отырыста айтылған ұсыныстардың негізінде нақты заңдар қабылданып, мемлекеттік саясатта жүйелі өзгерістер жүзеге асып жатқаны – бұл алаңның нақты нәтижеге жұмыс істеп отырғанының дәлелі.
Сондай ақ елдің өсіміне, ІЖӨ көлемінің артуына, ұлттық қордың нығаюына ерекше тоқталып, бұл көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс екенін нақты айтты. Экономикалық тұрақтылық – әлеуметтік әділеттілік пен өмір сапасының жақсаруына негіз болуы керек деген ұстаным біздің басты басымдықтардың бірі ретінде айқын бейнеленгендей.Сонымен қатар, цифрландыру, жасанды интеллект, инновация және технологиялық даму бағыттарын елдің жаңа дәуірдегі басты қозғаушы күші ретінде атап өтті. Бұл – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілетті ел ретінде қалыптасуына бағытталған стратегиялық қадам. Адам капиталына инвестиция салу, білім мен ғылымды дамыту арқылы ғана ұзақ мерзімді тұрақты даму қамтамасыз етілетіні де орынды көтерілді.
«Кез келген мемлекеттің күші – халықта» деген ұстаным – осы жалпы отырыстың да, мемлекеттік саясаттың да басты өзегі болып отыр. Халықпен бірге, халықтың үніне құлақ аса отырып жүргізілетін реформалар ғана еліміздің болашағын берік ететіні анық.
Мансап орталығы басшысы Ақылбек Едігеұлы




