Азаматтардың құқықтары ортақ

Құқықтық мемлекетте әрбір азаматтың белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар. Құқық – адамның заңмен қорғалатын мүмкіндігі болса, міндет – қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Әр азаматтың өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, өз ойын еркін айтуға құқығы бар. Бұл құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Мемлекет осы құқықтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Сонымен қатар, азаматтардың міндеттері де бар. Заңдарды сақтау, салық төлеу, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу – әрбір азаматтың борышы. Егер адам тек құқықты талап етіп, міндетті орындамаса, қоғамда тәртіп бұзылады. Құқықтар мен міндеттердің теңдігі қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етеді. Заңды білетін және оны сақтайтын азамат қана өз құқығын қорғай алады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру – қазіргі қоғамның маңызды талабы.

 Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT