Ауыл шаруашылығында жасанды интеллект пен спутниктік мониторингті енгізу жер ресурстарын басқарудағы маңызды жаңашылдық болып отыр. Бұл технологиялар егістік алқаптардың нақты жағдайын дер кезінде бағалауға, өнім көлемін алдын ала болжауға және әрбір жер телімін барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Спутниктен алынған мәліметтер жер сапасын, дақылдардың даму деңгейін және егіс құрылымын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өнімділік артып, су мен тыңайтқыш секілді ресурстарды ұтымды қолдану қамтамасыз етіледі. Осындай заманауи цифрлық тәсілдер агроөнеркәсіп кешенінің дамуын жеделдетіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты қадам деуге болады.
Нағима Расул




