Ата Заңдағы жаңа бетбұрыс

Жаңа Ата Заңда егемендік пен тәуелсіздік, біртұтастық пен аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі – мемлекетіміздің берік ұстанымын айқындайды. Бұл қағидаттар ел болашағына қауіп төндіретін кез келген әрекетке жол бермейтін құқықтық қалқан іспетті.

Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау секілді ұстанымдардың Конституция деңгейінде орнығуы – қоғамдағы жауапкершілік пен сананың жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Бұл талаптар тек мемлекеттік органдарға емес, әрбір азаматқа ортақ міндет жүктейді.

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі ретінде Қазақстан халқының танылуы – халықтың ел тағдырындағы шешуші рөлін айқындайды. Ал білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық берілуі мемлекеттің болашағы табиғи ресурстарда емес, адами капиталда екенін дәлелдейді.

Бұл – Қазақстанның ұзақмерзімді дамуына бағытталған, саналы қоғам мен жауапты азамат қалыптастыруды көздейтін тарихи бетбұрыс.

Ринат Габбасов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT