Ата Заң – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – еліміздің құқықтық дамуының сапалы жаңа кезеңге қадам басқанын айқындайтын тарихи құжат. Бұл бастама Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған парламенттік реформадан бастау алып, саяси жүйені кешенді жаңғырту мақсатын көздейді.

Жоба – тар аяда дайындалған құжат емес. Ол азаматтардың, сарапшылардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын қамтыған кең ауқымды талқылаудың нәтижесі. e-Otinish және eGov порталдары арқылы екі мыңнан астам ұсыныстың қаралуы – қоғамның реформаларға белсенді қатысқанын көрсетеді. Бұл – құқықтық мемлекет қағидаттарының шынайы жүзеге асуы.

Ең маңызды жаңалықтардың бірі – адам құқықтарының жаңа Преамбулада мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілуі. Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтыған өзгерістер мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтеді. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, кінәсіздік презумпциясы, «Миранда ережесінің» бекітілуі – құқық қорғау жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтереді.145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы саяси жауапкершілікті нақтылайды. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың институционалдық рөлін арттырып, қоғам алдындағы есептілігін күшейтеді. Бұл – өкілді биліктің тиімділігін арттыруға бағытталған қадам.

Асылжан Аңсағанова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT