Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет пен инновацияның басты идея ретінде белгіленуі мені ерекше қуантты.
Бұл – Қазақстанның болашағы табиғи ресурстарға емес, адами капиталға сүйенетінін айқын көрсететін тарихи бетбұрыс. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарының Конституция деңгейінде бекітілуі жас ұрпақтың санасында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар зайырлы мемлекет қағидатының, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатының нақты айқындалуы – тұрақтылық пен келісімнің берік кепілі. Неке институтына қатысты норманың енгізілуі дәстүрлі құндылықтарды қорғаумен қатар, әйелдердің құқықтарын күшейтуге бағытталған теңгерімді шешім деп санаймын.
Махамбет Асанов, Жылыой ауданы тұрғыны




