Адами капитал мен цифрлық құқықтар – жаңа дәуірдің Конституциясы

Жаңа Конституция жобасының ең қуатты тұсы – оның болашаққа бағытталғаны. Құжатта алғаш рет білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің басты идеясы ретінде айқындалды.

Бұл – Қазақстан дамуының жаңа философиясы. Бүгінгі әлемде табысты мемлекеттер табиғи ресурстарымен емес, адами капиталымен өлшенеді. Жаңа редакция осы шындықты мойындай отырып, ел болашағын білімді, креативті, технологиялық ұлт қалыптастырумен байланыстырады.

Цифрландыру мәселесінің Конституция деңгейінде бекітілуі – тарихи қадам. Азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманың енгізілуі киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және цифрлық теңдік мәселелерін жүйелі шешуге негіз болады. Бұл – жас ұрпақ үшін аса маңызды. Сонымен қатар, дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақты ажыратылуы, білім беру жүйесінің зайырлы сипатының айқындалуы – қоғам тұрақтылығының кепілі. Неке туралы норманың енгізілуі дәстүрлі құндылықтарды құқықтық тұрғыда бекітіп, отбасы институтын нығайтады.

Жаңылсын Сүгірова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT