ads_banner

Жалған нөмірлі жүк көлігі ұсталды

-Аудан көлемінде жүргізушілер арасындағы көлік қозғалысы тәртібін нығайту, жол-көлік оқиғаларының санын төмендету, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында қарашаның 21-і мен 23-і аралығында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді,-деп хабарлайды аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Е.Досмағұлов.

Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі кезде орын алып отырған жол оқиғаларының көпшілігіне жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығып кету, көлікті мас күйінде айдау себепші болып отыр. Кей жүргізушілер көліктерінің сыртына қосымша ксенон, led жарық шамдарын орнатып алады. Бұл да өз кезегінде түнгі уақыттағы көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғасының орын алуына түрткі болуда. Сондықтан іс-шара барысында жол тәртіп сақшылары тек жол қозғалысын қадағалап қана қоймай, автокөліктің сыртқы жарықтандыру аспабының саны, түрі, түсі мен жұмыс істеу режимінің көлік конструкциясы талаптарына сәйкес келуін тексерді.

Үш күнге созылған іс-шараның нәтижесінде жол тәртіп сақшылары 96 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың көпшілігі - көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншілерді өткізбеу, құжаттарының болмауы секілді деректер. Дегенмен көлік құралын мас күйінде айдап келе жатқан үш жүргізуші ұсталды. Ал бір жүргізушінің өзінің жүк көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатып алғаны анықталды. Яғни мініп жүрген темір тұлпарына бұрын есептен шығарылған автотранспорт құралының нөмірін қондырып алған.

Қазіргі таңда оның үстінен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолдану үстінде. Құқық бұзушылар арасында жаяу жүргіншілер де кездесті. Олардың көпшілігі көшедегі көлік жолын белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін жауапқа тартылды.

Е.Бисекенұлы

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Жарнама

ads_banner2

ads_banner