Экология
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 52
Тұщықұдық ауылдық округі аумағында орналасқан Бақсай каналында жоспарлы түрде қамыс-қоға шабу және тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған шаралар каналдың санитарлық жағдайын жақсарту, өзек арнасын ашу және су жүрісінің қалыпты өтуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Уақыт өте келе канал бойында жиналған қамыс пен қоға су ағысына кедергі келтіріп, экологиялық және санитарлық мәселелер туындатуы мүмкін. Сондықтан бұл жұмыстардың маңызы зор.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 45
Кәсіпорын Jac маркалы камаз автокөліктерін сатып алды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 48
Атырау қаласында «Jer ECO HUB» экологиялық жобасының бір жылдық қорытынды кеші өтті. Жоба аясында екі хакатон ұйымдастырылып, оған 173 жас қатысты. Қатысушылар арнайы оқу бағдарламасынан өтіп, өз жобаларын қорғады. Нәтижесінде 7 командаға қаржылай қолдау көрсетілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 58
Миялы ауылдық округінде көктемгі су тасқынының алдын алу және елді мекен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл маңында айналма бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тиісті қызметтер тарапынан жағдай тұрақты бақылауда.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 25
Атырау облысында 2026 жылы қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеуге бағытталған бірқатар жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір өңірдегі бес ұйымның жобасы қаралған. Маңызды жоспарлардың қатарында «Фибратекс» ЖШС іске асырып жатқан қалдықтарды терең өңдеу негізіндегі полиэфирлі штапель талшығын өндіру жобасы бар. Оның аясында тәулігіне 20 тоннаға дейін қалдық өңдей алатын өндірістік желі іске қосылады.
Жобаның жалпы құны – 1 млрд 159 млн теңге. Кәсіпорын қаржыландырумен қамтамасыз етілген және оны осы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Жоба толық іске қосылған соң жылына 7 мың тонна дайын өнім өндіріледі, сондай-ақ 67 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек биыл пластик поддондар өндіретін жобаны іске қосу көзделіп отыр.
– «АртПластик» ЖШС жобасы өнеркәсіпті дамыту қорының бірінші кезеңінен сәтті өтіп, қазір екінші кезеңге ұсынылды. Ал қалған төрт жоба толықтай қаржыландырылған, оларды іске қосу да осы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, – деді Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Ботагөз Ынтымақова.
Маманның айтуынша, өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, пластик өнімдерді шығару, сондай-ақ қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, тағам қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салу жобалары қатар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаларды іске асыру қалдықтарды кәдеге жарату үлесін арттырып, полигондарға түсетін жүктемені азайтады. Сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартып, өңірде жасыл экономика қағидаттарының дамуына ықпал етпек.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 46
Орлы ауылдық округінде қысқы кезеңде балықтардың қырылуына жол бермеу мақсатында су айдындарында алдын алу жұмыстары жүргізілді.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 53
Махамбет ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бірі – Талдыкөл ауылында қолға алынған жағалауды бекіту жобасы.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 75
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан шаралар - әр азаматты тазалыққа шақырып, еліміздің көркін арттыра түсуде.



