ads_banner

Ширек ғасыр отасып... ажыраспақ

Ажырасудың көбейіп бара жатқаны соншалық, қазір жастарды қойып, отасқанына бірнеше ондаған жыл өткен ерлі-зайыптылар да сот табалдырығын аттайтын болған. Жасыратыны жоқ, оған күнделікті өмірде көзіміз үйрене бастады. Балаларының болашағы үшін қам жеп, шаңырағының шайқалмауын ойлаудың орнына, керісінше, заң органына шағым түсіруге тұра шабатын ондай отбасы иелерінің бұлайша жеңіл ойға бой алдыруының себебі неде? Бұл олардың өсіп-өнген ортасында ақылға шақырып, ашуын басар парасатты үлкен кісінің, көнекөз қариялардың жоқтығын көрсетеді. Әйтпесе бес-алты ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, баласының алды аяқтанар жасқа жеткен отағасы мен отанасы мұндай қадамға барар ма еді?!

Таяуда аудандық сотқа талап арыз жазған бір әйел өзінің ширек ғасырға тарта отасып келе жатқан күйеуімен арадағы заңды некені бұзуды сұраған. Онда ол ортақ некеден бес баласының барлығын, арадағы орын алған келіспеушіліктің кесірінен әрмен қарай отбасын сақтап қалу мүмкін еместігін көрсетіп, екеуін заңды түрде ажырастыруды талап етті. Азаматтық істі қараған аудандық соттың судьясы ерлі-зайыптыларға жанұялық қарым-қатынасты бұрынғыдай сақтап қалуға әлі де мүмкіндіктің бар екендігін түсіндіріп бақты. Арадағы даулы мәселені медиация тәртібімен реттеу үшін тиісті бір мерзім берді.

Татуласуға берілген уақыттың ішінде мәселеге кәсіби медиатор Жарылғасын Байжанов араласып, оларды бір мәмілеге келтіруге тырысты. Сөйтіп, оларға медиатормен жасақталған медиациялық келісім ұсынылып, келісімшарт жасақталып, ерлі-зайыптылардың ортақ некені бұзуына жол берілмеді. Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді. Осылайша келер жылы күміс тойдың шымылдығын ашқалы отырған бір шаңырақ иелері отбасын сақтап қалды.

Е.Есенов

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner