Намазды бұзған нанымсыз

Уағызға, дәріс және құлшылыққа кедергі келтіруге тыйым салынады.

Еліміздің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сүйенсек, онда Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы мемлекет. Онда әркiмнiң дiни сеніміне қарамастан, заңды құқығының тең болуына кепілдік берілген. Ханафи мазһабындағы ислам діні мен православиелік христиандықты таниды. Оның Қазақстан халықтары мәдениетінің дамуына қосқан үлесі мен рухани өміріндегі тарихи рөлінің зор екенін мойындайды. Еліміздің рухани мұрасымен қабысып, үйлесім тауып жататын басқа да діндерді құрметтейді. Конфессияаралық келісімді негізге алады.

2016 жылғы 16 қарашада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бұрынғы бас муфти Е.Маямеровтің бекіткен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігіне қарасты мешіттердің ішкі тәртіп Ережесі бар. Оның 1-бөлігінің 1.2) тармағында: «Мешітке келуші әр адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтауды, діни сенім бостандығын қорғауды, сондай-ақ діни қызметке байланысты басқа да мәселелерді реттеуді, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазҺабының тарихи рөлін мойындауды, Қазақстан Республикасының конфессияаралық келісімінің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге алады», - делінген. Ереженің 1-бөлігінің 1.4) тармағы бойынша мешіт жамағаты, соның ішінде бес уақыт намаз оқуға келген жан, уағыз тыңдаушы, сауат ашушы, Құран курстарының шәкірттері мен өзге де жеке мәселемен келген жандар мешіттің ішкі тәртібінде қарастырылған барлық міндеттемелерге бойұсынуы тиіс. Ал 3-бөлігінің 3.4), 4-бөлігінің 4.2), 4.3) тармағына сай Алланың үйіне табан тіреген жамағат ханафи мазһабымен құлшылық жасауға, жамағатпен оқылған намаздың үстінде «Фатиха» сүресінен кейін «Әмин» дұғасын іштей айтуға міндетті.

Сонымен бірге мешітте қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, жүргізіліп жатқан уағыз бен дәріске және құлшылыққа кедергі келтіруге тыйым салынады. Бірін-бірі балағаттауға, дөрекілік танытуға, шу шығарып, күш көрсетуге, қауіп төндіретін істер жасауға болмайды...

Айжамал Көптілеуова,

аудандық соттың жетекші маманы,

Ербол Бисекенұлы, өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөз

Толығырақ газетіміздің №24 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521