Мас күйінде темір тұлпар тізгіндеген «сері» 20 тәулікке қамауға алынды

Шіліңгір шілденің соңғы күндерінің бірінде Құлсары – Сарықамыс тасжолының бойындағы «Toyota Hilux» маркалы шетелдік автокөлігінің жүрісі жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Тоқтатып тексергенде 23 жастағы жігіттің аузынан арақтың иісі мүңк ете түсті.

Шіліңгір шілденің соңғы күндерінің бірінде Құлсары – Сарықамыс тасжолының бойындағы «Toyota Hilux» маркалы шетелдік автокөлігінің жүрісі жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Тоқтатып тексергенде 23 жастағы жігіттің аузынан арақтың иісі мүңк ете түсті. Таң ата сала, сағат 9-дан кете «ахаңның» буымен былқып жүрген сабазды жол тәртіп сақшылары көліктен түсіріп алды. Сөйтсе темір тұлпармен тепеңдеп, қыдырып жүрген «серінің» жүргізушілік куәлігі де жоқ болып шықты. Тексере келгенде, оның автомектеп табалдырығын мүлдем аттап көрмегені анықталды.

Е.Қошақанов

Толығырақ "Кең Жылой" газетінің №34 санында

сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521