ads_banner

Аккумулятор ұрлап айыпталды

Еш жерде жұмыс жасамайтын, отбасынан ажырасқан 35 жастағы азамат осыған дейін Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен сотталып, темір тордың арғы жағынан келген-ді. Бірақ ол бостандыққа шыққаннан кейін де бұрынғы «әніне» қайта басты. Сөйтіп қаланың өндірістік аймағындағы бір құрылыс мекемесінің ғимаратына ұрлыққа түсті.

Мекеменің өндірістік базасына еніп, ғимараттың құлпын ақ таспен бұзып ашқан ол әрқайсысының құны 45 000 теңге тұратын, екі дана маркасы «Racer» 190 ампер аккумуляторларын ұрлап алады. Ұрлықтың кесірінен серіктестікке 90 000 теңге мүліктік залал келтірілді. Бірақ ұры алысқа ұзамады. Құқық қорғаушылар ұрлығын әшкерелеп, қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті үшін үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен іс қозғады. Өйткені ол заң тілімен айтқанда, «бөтеннің мүлкін қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, жасырын түрде жымқыру болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық әрекетті жасаған».

Алдын ала тергеу амалдары арқылы қылмысы дәлелденіп, іс сотқа келіп тірелгенде мәселеге кәсіпқой медиатор Жарылғасын Байжанов араласты. Соның арқасында жәбірленуші мен айыпкер жақ өзара келісіп, татуласты. Ұрлықты жасаған жігіт мекемеге келтірген шығынның орнын толықтай өтеді. Қылмыстық процестік кодекстің 35-бабының 1-бөлігінің 12) тармақшасына сай, сотталушы жәбірленушімен медиациялық тәртіппен татуласуына және келтiрiлген зиянның есесiн толтыруына байланысты Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот қаулысымен ол қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды.

Құрмет Орыспаев, аудандық соттың бас маманы,

сот отырысының хатшысы,

Ербол Бисекенұлы, өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner