Щучинсктен жеңіспен оралды

Жақында Ақмола облысындағы Щучинск қаласында таеквондодан "BURABAI OPEN" республикалық ашық турнирі өтті.

Жақында Ақмола облысындағы Щучинск қаласында таеквондодан "BURABAI OPEN" республикалық ашық турнирі өтті. Осы республикалық сайыста әртүрлі жас, салмақ дәрежелері бойынша жылыойлық таеквондошылар 5 алтын және 1 күміс медальға ие болып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ 68 кг салмақта Нұрсұлтан Аманжан, 59 кг салмақта Аманжанов Бекежан, 33 кг салмақта Мәлік Мерей, 28 кг салмақта Кенжебек Аманжол, 40 кг салмақта Абылайxан Өтебалиевтер 1-орынды иеленіп қайтты. Ал 33 кг салмақта сынға түскен Арман Кенжебеков 2-орынды еншіледі.

Қ.Нұртайұлы

s

s

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521