Палуандар боз кілемде белдесті

Жастар фестивалінің аясында ҚР грек-рим, еркін күрес және әйелдер күрес федерациясы және Атырау облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Жылыой ауданы әкімінің қолдауымен еркін күрестен 2002-2004 жылы туылған ауыл спортшылары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүздеген спортшы қатысты. Олар тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Чемпионатқа арнайы келген төрешілер мен қонақтар көп болды. Алдымен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Рашев спортшыларды чемпионаттың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Чемпионат басталысымен 45 кг салмақтағы спортшылар күресті. Бұл салмақ дәрежесі бойынша Нұржан Мұхтаров I орынға ие болды. 48 кг салмақ дәрежесінде Алматы облысынан келген спортшы Нұржан Сағымхан I орынға көтерілді. Н.Аманғалиев II орынды иеленді. 51 кг салмақ бойынша Мирас Амангелді I орын алды. 55 кг дәрежесінде Талап Жолдасов I орынға ие болды. Спортшылар бұл жарыста 60 кг, 65 кг және 71 кг, 80 кг, 92 кг салмақ дәрежелері бойынша күш сынасты.

Тартысты өткен бәсекеде Атырау облысының палуандары Нұржан Мұхтаров, Талап Жолдасов, Ерсұлтан Ерболатұлы  алтын медаль алды. Аманғалиев Нұрлыхан күміс, Алмат Мұхтапаров қола медальды иеленді. Жалпы командалық есепте  Атырау облысы I орынды, Алматы облысы II орынды, Шығыс Қазақстан облысы III орынды иеленді. Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521