Облысқа тағы бір спорт кешені

Атырау облысында жаңа спорт кешені ашылды

6 қыркүйекте Атырау облысындағы Ақжайық ауылында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қатысуымен жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі болды.

sportkesheny1

index777

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов пен спорт ардагері Жылқайдар Сұлтанов салтанатты түрде лентасын қиған ғимарат заманауи стандарттарға сай жарақталған. Бұнда ауыл жастары баскетбол, гандбол, волейбол, мини-футболмен айналысатын болады, басқа да спорт залдары бар. Кешеннің сыйымдылығы - 160 адам.

sportkesheny3

- Елбасы Н.Назарбаев қазақстандықтардың өніп - өсуіне барлық жағдайды жасады. Сондықтан, күш-жігерлеріңді, мектептен алған білімдеріңді, үйден алған тәрбиелеріңді ұштастырып, нағыз азамат болыңдар, - деп тілегін білдірді ашылу салтанатында сөз сөйлеген Н.Ноғаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521