ads_banner

Чемпионатқа жолдама

22-24 қаңтар аралығында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында облыстық VІІ чемпионаты өтті. Осы спорт додасына ауданымыздың да дарабоздары қатысып, өз тұстастарынан дараланып көрінді. Мінекей, сол жарыстың қорытынды нәтижелері де анықталды.

Жалпы есепте спортшыларымыз 3 күміс, 5 алтын жүлдені қанжығасына байлап келді. Соның ішінде 40 кг және 65,8 кг салмақта шымырлық пен шеберліктерін салыстырған спортшылар ақтық мәреде (финал) өз командаластарымен шығып, 1 мен 2-орынды өзара бөліскен болатын. Бұл – өте жақсы нәтиже.

Сөйтіп, сәуір айында Оралда өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама ұтып алды. Олар: Ерген Жолдыбаев (40 кг), Мейрамбек Айғалиев (40 кг), Бахтияр Бағдәулетов (44 кг), Бекжан Амандық (61,2 кг), Ерлан Орынбаев (62 кг), Әділет Әділқосов (65,8), Бейбарыс Бекешов (65,8), Нұрболат Байжановтар (56,7).

Гүлфара Исахаева

COVID 19

covid

Күнтізбе