var base_url = 'http://ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

«Асылжан» командасы - жеңімпаз

Оны аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мен Құлсары футбол федерациясы бірлесіп ұйымдастырған болатын. Аяқдоптан өткен дүбірлі додаға «Бекарыс», «Бұлан», «Сәттілік», «ССЕР», «Иради», «Сұңқар», «Жастар юн.», «Достық», «Жігер», «Ырыс», «Жылыойгаз», «Бәйтерек», «Ардагер», «Абат», «Асылжан», «NVS» командалары қатысып, бақтарын сынады. 1-лиганың финалдық кезеңіне «Асылжан», «Абат», «Жігер», «Иради» командалары шыққан болатын. Аталған командалар 2020 жылдан бастап жоғарғы лигада ойнайтын болды. №7 мектеп маңындағы жаңа кіші аяқдоп алаңында өткен шешуші ойынды тамашалауға жанкүйерлер көптеп жиналды. Ойын нәтижесінде «Асылжан» командасы 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Команда бапкері Әлімбек Сасаев болатын. Құлсары футбол федерациясының тете президенті Т.Агисов жеңімпаздарды марапаттады. Барлық жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан дипломдармен және медальдармен марапатталды.

asyljan1

Естеріңізге сала кетсек, Ақтаудағы «Орталық-2015» әскери жаттығуы кезінде құлсарылық Асылжан Махамбетов қаруластарын құтқарып, өзі ерлікпен қаза тапқан еді. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының арнайы Жарлығымен Отаны мен халқы алдында өз борышын орындай отырып, батылдық танытып, опат болған сарбаздар «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Асылжанның әкесі Махамбет Сисенов ағаның айтуынша, өткен жылдан бастап Асылжанның есімімен ауданымызда футбол командасы жасақталған. Команда мүшелеріне қажетті киімдер Түркиядан арнайы тапсырыс беріп алыныпты. Асылжанның әкесі Махамбет аға мен анасы Салтанат апай жанұясының атынан ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, жеңімпаз «Асылжан» командасының ойыншыларына естелік сыйлықтарын табыс етті.

Қ.Нұртайұлы

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner