Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болуы керек

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп...

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн.

Белсенді азаматтық қоғам құру үшін  үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын. Сондықтан жақын арада  Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі  тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауымыз керек. Келер жылы әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек»,-делінген Президент Жолдауында. Мен де осы пікірді қолдаймын. Қазақ тілінің рөлі биік болуы керек. Ал ғұламаларымыздың мерейтойын өткізу, шығармаларын жас ұрпаққа сіңіру оларды отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Үміт Кенжина,

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521