Халықтың әл-ауқаты - басты назарда

Расында да, ел ертеңін ойлаған ер осындай болса керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын теледидардан мұқият тыңдадым. Елбасы қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыруға көп күш салғалы отыр. Оның әсіресе билік басындағы азаматтарды әлеуметтік желідегі қалың бұқараның көтеріп жатқан өзекті мәселелеріне баса назар аудартуы өте орынды деп білемін. Ол халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш сала отырып, болашақ ұрпақ қамын да ұмытпауға шақырады. Бұл ретте «Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесіне» айрықша тоқталды.

«Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет. Бұл – келешек ұрпақтың қаржысы» деп кесіп айтты ол. Сондықтан Қор қаржысын пайдаланудың анағұрлым тиімді инвестициялық саясатын жүргізген жөн» деген Елбасы Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, жыл соңына дейін  Ұлттық қордың қаржысына иелік етуді жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Расында да, ел ертеңін ойлаған ер осындай болса керек.

Меңдібай Хайруллин,

зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521