var base_url = 'http://ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Әуе отынын өндіру 10 есеге артты

Осыған дейін, яғни 2016 жылдың қыркүйегінде хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені іске қосылғаны белгілі. Күні бүгін Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы аяқталды. Наурызда кешеннің басты қондырғысы саналатын каталитикалық крекинг іске қосылды. Соның арқасында жоғары октанды автокөлік бензинінің өндірісі 2 еседен астамға артты.

Зауытты жаңғырту жүзеге асқаннан кейін елімізде алғаш рет базалық мұнай-химия шикізаты - бензол мен параксилол өндірісі ретке келтірілді. Жоғары октанды автобензин өндіру жылына 260 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін ұлғайды. Кеден Одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4/К5 санатты экологиялық таза дизельдік отынға 100 пайыз қол жеткіздік.

Бұрын Атырау мұнай өңдеу зауыты тек қана «ТС-1» маркалы авиакеросин ғана шығарумен шектелді. Оның сапасы халықаралық талаптарға мүлдем сәйкес келмейтін еді. Биылғы қыркүйектің аяғында жаңадан «РТ» маркалы реактивтік авиаотынның алғашқы легі тұтынушыларға, яғни еліміздің аэропорттарына жол тартты. Әуе кемесіне арналған аталған жанар-жағармай өнімі жоғары сапа көрсеткішіне ие және халықаралық стандартқа толық сәйкес келеді. Ол әскери және азаматтық авиацияда кеңінен қолданылады. Бұл өнім зауыттағы мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының аяқталып, толық қолданысқа енгізуінің нәтижесінде жүзеге асты. Жаңа қондырғы әуе отынын өңдеу өндірісін 10 есеге арттыруға қол жеткізді. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы зауыттан 230 мың тоннаға дейін әуе кемесінің «азығы» дайындалатын болады.

Е.Бисекенұлы.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner