var base_url = 'http://ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Сұйытылған газ неге тоқтады?

Бұл туралы еnkorr.com.ua сайты ТШО-ның TERM-шарттарын ұстаушы украиналық компаниялардағы дереккөздерге сілтеме жасап, ақпарат таратқан.

Онда ТШО-ның сұйытылған өнім тасымалдауды 1 маусымнан бастап тоқтататындығы айтылған. Бұл Украинаға қатысты ресейлік санкциялардың күшіне енуіне байланысты екен. Сол себепті қазақ-американ компаниясы Ресей-Украина шекарасы арқылы өтетін вагондар қозғалысында проблемалар туындауы мүмкін деп қауіптенеді. Осыған орай киевтік трейдерлік компания басшысының мәлімдемесі келтірілген. Онда «Ресейліктер жағынан Украина шекарасына өтуге рұқсат жоқ. Әзірге ешкімге маусым айының жоспарлары бекітілген жоқ» делінген. Өзге бір дереккөздің хабарына қарағанда, өткен сенбіден бастап мамыр айының ішінде TERM-шарттардың аясында жөнелтілуге тиісті ақысы төленген партияларды құю да тоқтатылған екен.

-«Укргаздобыча» АҚ коммерциялық директоры Сергей Федоренко Фейсбуктегі өз парақшасында қалыптасқан ахуал жайлы хабарлапты, - дейді «Ақ Жайық» сайтының тілшісі. Оның айтуынша: «Теңізшевройл» компаниясы Ресей Федерациясы аумағымен теміржол арқылы өтетін транзиттік тасымалға рұқсат ала алмайды. Маусым айынан бастап қазақстандық өзге де экспорт тасымалдаушылары өз өнімдерін Украина нарығына жеткізе алмауы мүмкін. Мұндағы үлес көлемі - бүкіл нарықтың 20%-ы» - деп жазыпты.

А-95 консалтингтік тобының деректері бойынша, 2017 жылы Украина ТШО-дан 55 мың тонна, ал өткен жылы 208,3 мың тонна сұйытылған газ алған екен. Биылғы сәуірдегі дерекке сүйенсек, онда бұл көрсеткіш 21,5 мың тоннаны құраған. Жалпы былтырғы жыл бойына Украина Қазақстаннан 257 мың тонна сұйытылған газ импорттады.

Қазіргі қалыптасқан қиын жағдай Ресейдің Премьер-Министрі Дмитрий Медведевтің «1 маусымнан бастап Ресей мұнай өнімдері мен көмірді Украинаға экспорттауға тыйым салу туралы» 18 сәуірдегі мәлімдемесінен кейін орын алды. «Ақ Жайықтың» хабарлауынша, ТШО компаниясы әзірге бұл ахуал жөнінде ешқандай түсініктеме бермеген.

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner