var base_url = 'http://ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

«Дәстүрлі ұлттық қолөнер – өшпес мұра»

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Жылыой аудандық музейінде «Дәстүрлі ұлттық қолөнер – өшпес мұра» тақырыбындағы қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты атадан балаға мирас болған ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміздің бастау көзінде тұрған дәстүрлі ұлттық қолөнерді дәріптеу, жаңғырту, насихаттау еді. Сондай-ақ, халық арасындағы ұлттық қолөнерді жалғастырушы шеберлерді табу, олардың шығармашылығын дамыту болатын.

Көрмеге қолөнер шеберлері ағаш, тері, сүйек, жүн, мата, т.б, материалдардан ұлттық нақышта жасалған, салт-дәстүр құндылықтарын насихаттайтын немесе Жылыой ауданы туралы ақпар беретін бұйымдарын қою ұсынылған еді. Аталған көрмеге 14 қолөнер шебері қатысты. Көрмені музей басшысы М.Қақпанбаев ашып, көрменің мақсатымен таныстырды. Музей экскурсоводы Г.Қожахметова көрермендерді көрмеге қатынасқан бұйымдармен, оны жасаушы өнер иелерімен таныстырып отырды. Көрме соңында әділқазылар алқасының ұйығарымымен орындар тағайындалып, нәтижесінде шеберлер Мамырова Ләззат бірінші орынды жеңіп алса, Алтыбаева Балауса мен Елтезерова Нұргүл екінші орынды, ал Өтегенова Айнагүл, Қасымова Айымгүл, Мұхамбетова Гүлназ үшінші орындарды бөлісті.

Исағалиева Салтанат, Қарамолдиев Бозай, Серікқызы Гүлнар, Долыбекова Маралдар ынталандыру сыйақыларына ие болды. Көрме соңында әділқазылар алқасының төрағасы Н.Ақназаров жеңімпаздарды музей атынан алғысхатпен және жүлделі орындарына қарай ақшалай сыйақылармен марапаттады.

Өз тілшіміз

 

 

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner