ads_banner

«Жастар Fest» жастар байқауы

Қаламызда бір ай көлемінде шығармашыл жастарға арналған «Жастар Fest» аймақтық байқауы өтеді. Бұл фестиваль Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып отыр. Фестивальдің алғашқы күні 27 шілдеде "Мұнайшылар" саябағында өтті.

jastarfest4

Фестиваль аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашевтың құттықтау сөзімен басталып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Өнер шашуы жоғары деңгейде өтті. Жас таланттар қазақтың домбыра, жетіген және өзге де аспаптарын сахна төріне алып шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шараның бірінші күні «Ақын болсам айбарлы, жыр жазатын» атты ақындар мүшәйрасымен ашылды. Мүшәйраға еліміздің батыс аймағын қамтыған 4 облыстан ақындар жиналды. Байқау 2 кезеңнен тұрды: I кезеңде ақындар еш жерде жарияланбаған төл туындыларын оқыса, II кезеңде өздерінің таңдаған тақырыптарына сәйкес, берілген уақыт ішінде өлең шығаруы тиіс болды. Бірі еліне-жеріне деген сүйіспеншілігін білдірсе, енді бірі махаббатқа толы лирикалық өлеңдерімен көрерменнің көзайымына айналды. Ақындардың ішінде осалы болмады, барлығы да жарысқа сақадай сай дайындалып келген. Десе де, жарысқа қатысушылардың ішінде суырылып шығып, өздерінің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екенін дәлелдеген ақындар болды. Маңғыстау облысынан келген Алтынбек Әлібаев 50 мың теңгелік сертификат пен III орынды иеленсе, Атыраулық ақын Әнуарбек Садықов 100 мың теңге көлеміндегі сертификат пен II орынға ие болды. Жүлделі I орын мен 150 мың теңгенің сертификаты Атыраудың айбарлы ақыны Бауыржан Игілікке бұйырды. Қалған 5 қатысушы 20 теңге ынталандыру сыйлығы және алғысхатпен марапатталды. Жастардың қызығушылығын оятатын осындай шаралардың нәтижесінде елімізде білімі жоғары, санасы терең, мәдениетті жастар көп болары сөзсіз.

Ш.Хамитова

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner