ads_banner

«Жас ұландықтармен» кездесу

«Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімінің қолдауымен «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін насихаттау және кәмелетке толмағандардың арасында құқықтық сауат ашу мақсатында прокуратура, сот, полиция органдары өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті.

Шараға аудандық соттың судьясы Абай Асалов, прокурор Жанат Есалиева, ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Ренат Мырзабеков, жастар қатысты. Олар №19 орта мектепте кездесу өткізді. Кездесуде аудандағы «Жас ұлан» ұйымының атқарушы хатшысы Б.Алмағамбетова мен №3 орта мектебінің тәлімгері М.Жолдайтегі жасалған жұмыстар туралы баяндады. Ал сот, прокуратура, полиция өкілдері кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты ақпарат беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді. «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының өкілдері алдағы жоспарланған іс-шаралар туралы айтты. Белсенді тәлімгерлер мен көшбасшыларға алғысхат табыс етті.

Ж.Шаңқанова

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner