Оқушылардың ораза ұстауы дұрыс па?

Ораза ұстау қазіргі таңда модаға (сәнге) айналып кеткен сияқты.

Біздер – өткен ғасыр мен осы ғасырдың куәгерлерінің біріміз. Жанұямызда ешкім ораза ұстаған жоқ. Бірақ тума-туыстардың, жекжаттардың, көрші-көлемнің ұстағандарын көріп өстік. Олардың бәрі ересек адамдар мен қарт кісілер болатын. Қазір қарап отырсақ, мектептегі оқушылар ораза ұстайды. Балалардың ораза ұстауы, меніңше, еріккен жанның ермегі мен ойынына айналып бара жатқан сияқты. Мектеп жасындағы балалардың алдында тек бір мақсат тұр - ол ғылымның нәрін бойына сіңіріп, егеменді Қазақстанымыздың білімді, саналы азаматы болу. Мемлекеттің де алдында- сол мақсат. Олай болса, оқушылардың ораза ұстауы білім алуға әсерін тигізбей қоймайды.

Оқушылардың негізгі міндеті - сабақ оқу. Тек мезгілімен тамақ ішіп, ұйқысы қанған баланың ғана оқуға деген ынтасы жоғары болады. Ал «аш адам – ұрысқақ» деген сөз бар. Қазір үнемі белсенді қимыл-қозғалыста болатын жас балалар мен жасөспірімдердің тамаққа тоймайтын кезі емес пе?! Жасы келген, асқазаны ас қорытпайтын кәрі кісі емес, жас баланың ағзасы маздап жанып тұрған отты пеш емес пе?! Жанып тұрған отқа жиі отын салу керек, отын салмаса, от сөніп, қоламтаға айналмай ма?! Баланың ағзасы да дәл осы от сияқты, тамақ ішпеген баланың дәрмені, күш-қуаты сарқылады. Сабақ оқуға көңіл күйі болмайды. Сондықтан бұрын жас бала ораза ұстауға талпынғанда оларға үлкендер рұқсат бермеген.

Айнаш Жарылғасова,

Қазақ КСР-нің аға оқытушысы,

КСРО халық ағарту ісінің үздігі, ардагер ұстаз

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521