ads_banner

Іздегенге бәрі де табылады

Заң бойынша қарастырғанда 14-29 жас аралығын қамтиды.Жастарды қолдауға арналған “Дипломмен - ауылға”, “Болашақ” Халықаралық стипендиясы, “Серпін” секілді бағдарламалар жұмыс жасауда. Республикада жастар саясатының мәселелері бойынша арнайы орган – ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Бұл құрылымдар: білім алу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу, патриотизмді бекіту секілді мәселелерді қамтиды. Соңғы жылдары елімізде жастар ұйымдарының саны әжептәуір артты.

Жастар ұйымдары дегенде, ең алдымен, “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Жас Отан” Жастар қанаты ойға оралады. Сондай-ақ әр өңірде жерімізді көгалдандыру мен экологиялық жағынан тазалықты қамтамасыз етіп жүрген “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының орны бөлек. Жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге көмегін тигізіп келеді. Іздеген жасқа бәрі де табылмақ, тек ізденіс үстінде болуы шарт.

А.МОЛДАШЕВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner