Атырау жастары ауданымызда

Ауданымызда «Атырау жастары аудандарда» атты мәдени-көпшілік шарасы өтті.

Жастар өздерімен бірге өнерлерін ала келді. Алдымен олар Қосшағыл ауылында болды. Атырау жастар театры «Кастинг» атты қойылым көрсетті. Кешке "Жайдарман" және галаконцерт өтті. Онда Атырау жастары мен аудан жастары бірігіп өнер көрсетті. Жастарды Атырау облыстық жастар саясаты жөніндегі мәселелер басқармасының басшысы Роллан Құспан бастап келді.

a

Келесі күні жастар Жаңа Қаратон кентіне барды. Олар ауылдағы жастардың ойын тыңдады. Сұрақтарына жауап берді. Бұл кентте де спектакль қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Концерт те жоғары деңгейде өтті.

a

10-шілдеде «Кең Жылыой» мәдениет үйінде алғаш рет «Спикер №7» конференциясы өтті. Онда Атыраудан келген спикерлермен бірге жайдарманшы Али-Самед Айтбаев пен бизнес-тренер Алтынгүл Атабаева әртүрлі сала бойынша өз ойларын ортаға салды. Содан соң театр қойылымы мен концерт өтті. Бұл шараға аудан жастары белсенді қатысты.

"Жастар жылы" аясында өткізіліп отырған бұл шара зор маңызға ие.

Ж.Есмұханқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521