ads_banner

811 жас қатысып, 257 жоба іске асырылды

«Zhas project» жобасы аясында ұйымдастырылған форумда 70 әлеуметтік жобаны қамтитын көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

jasforum

Форум Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоғамдық қорының өкілдері, мәслихат депутаттары, үйлестіру агенттігінің қызметкерлері қатысушылар мен жоба тәлімгерлері қатысуымен өтті. Жоба аясында Атырау облысында 257 жоба іске асырылды, онда 811 жас қатысып, өз жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант алды.

jasforum1

Жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарын қоғамға бейімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға қажетті дағдыларды дамыту арқылы қоғамдық пайдалы қызметке тарту. Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарға, яғни өз әлеуетін, өмірлік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Жобада ерекше басымдық жұмыс істемейтін және оқымайтын, сондай-ақ, жұмысы бола тұра, табысы төмен қатысушыларға берілді.

jasforum3

- Жоба шеңберінде әрбір топқа 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлінген болатын. Сонымен қатар, әр топ қатысушысына 40-60 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Берілген жартыжылдық осы қараша айында аяқталады. Аталған жоба биылғы жылы Қазақстан бойынша 6 өңірде жүзеге асты. Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Өңірімізден 25-26 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық форумға 15 іріктелген жоба барады, - дейді «Zhas project» жобасының Атырау облысы бойынша аймақтық үйлестірушісі Айжан Аралбекова.

Әлеуметтік жоба іске асырылатын кезеңде мына бағыттар бойынша кіші жобалар ашылды: 42 білім беру орталығы, 36 ауыл шаруашылығының ет және сүт өнімдері, 36 демалыс орындары мен шығармашылық үйірмесі, 21 спорт орталығы мен фитнес клубы, 17 наубайхана, кондитерлік дүкен және кафе, 16 тігін шеберханасы, 15 сұлулық салоны.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner