Жастарды кәсіпкер болуға тәрбиелеуде

Жастарды кәсіпкер болуға тәрбиелеуде

2018 жылдан бастап 10 және 11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді. Жақында «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Ерболат Төлендиев пен бизнес жаттықтырушы Ерлан Нұрлановтар №9 мектепте 10-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Олар кәсіпкерлік туралы тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

jaskasipker1

-Оқушылармен кездесу кезінде осы пәнге деген қызығушылықтарының өте жоғары екенін байқадық. Бұл бағдарламаны «Атамакен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірледі және ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітті. Бұл сабақтың негізгі мақсаты - жастарды мектеп қабырғасынан бастап кәсіпке бағыттау,-дейді Ерболат Амангелдіұлы.

Сонымен қатар Е.Төлендиев және Атыраудан келген психолог маман Айгүл Бегалиевалар №21 мектептің 10-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Алдағы уақытта тәжірибелі бизнесмендерді оқушылармен кездестіру жоспарланып отыр.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521