var base_url = 'http://ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

«Zhas Project» жобасы бойынша сұлулық салонын ашты

Биыл маусым айынан бастап елміздің 6 өңірінің жастарына кәсіп бастауға осындай грант берілуде. Бұл қаржының барлығын Дүниежүзілік банк беріп отыр. Жоба «Zhas Project» деп аталады. Оны алу үшін кемінде үш адам бірігіп, қоғамға пайда әкелетін кәсіп түрін ұсынуы керек болатын.

Грантты жеңіп алған жастарға ақшадан бөлек, аяқтан тік тұрып кеткенше 6 ай бойы 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін шәкіртақы да төленеді. Басты мақсат - әлеуметтік аз қамтылған немесе жұмыссыз жастарға көмектесу.  Аталған жобаға қатысып, жеңімпаз атанған Рано Жанаева өзінің «Жан жылуы» сұлулық салонын ашты.

-Біз өз жобамызда алдыңғы кезекте мүмкіндігі шектеулі жандар, қоғамдағы тұрмысы төмен отбасынан шыққан жастар, жетім қалған жасөспірімдер, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуді негізге алдық. Осы санаттағы аудан тұрғындарына шаштараз мамандығын тегін үйретеміз. Қараша айының соңына дейін ауданымыздағы 80 адамды шаштараздыққа үйретуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде Құлсары қаласының орталық көшесінен жалға кеңсе алып, жұмысымызды бастап кеттік. Бүгінде ер адамдардың шашын қию бойынша 4 адам арнайы маманнан дәріс алуда. Қажетті құрал-жабдықтарымыздың жартысын ғана алдық. Құралдар толықтай келген соң қыз-келіншектердің шашын қию, шаш үлгілерін жасау бойынша тегін дәріс беріледі. Бұл жоба - біз сияқты жастарға кәсіп бастау үшін үлкен мүмкіндік. Болашақта жеке кәсіп ашып, адамдарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз,-дейді топ жетекшісі Рано Ілиясқызы.

Қ.Дүйсенбетов

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner