Жас аналарды қолдауға арналған «Зерде» жобасы

1 ай көлемінде өтетін шеберлік сыныбы аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

Жастар үйінде көпбалалы жас аналарды қолдауға бағытталған «Зерде» жобасының ашылу салтанаты өтті.

zerde2

Мақсаты – бала күтімімен үйде отырған жас аналарды еңбекке араластыру.

zerde1

«Зерде» жобасы алғаш болып Жылыой және Индер ауданынан басталып, Атырау облысына қарасты өзге де аудандарда өткізілмекші. Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Серікбаев сөз сөйлеп, жобаның ашылуымен құттықтады. Ал жас кәсіпкер Ғ.Көсем аналарды жоба шартымен таныстырды.

zerde3

35 жасқа дейінгі жас аналарды аспаздық, бет әрлеу, шаш үлгісін жасау, тігіншілік сияқты әртүрлі шеберлік сыныбына қатыстырып, олардан білікті маман даярлап шығару көзделіп отыр.

zerde4

Жобаға қатысуға ниет білдірген жас аналар өздерінің икемділіктеріне қарай топ-топқа бөлініп, аптаның белгілі бір күндері арнайы мамандардың жұмыс орындарына барып, дәріс алады. 1 ай көлемінде өтетін шеберлік сыныбы аяқталғаннан кейін оларға оқу сертификаты беріледі.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521