var base_url = 'http://ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Тауық өсіріп, жұмыртқасын тегін таратып отыр

Аталған бағдарлама аясында грантқа ие болған жастар аудан тұрғындарына қайырымдылық жасауда. Жалпы ауданымыздағы 40-тан астам жоба ұсынушы грантқа қол жеткізген. Солардың бірі - Құлсары қаласында «Жастар көмегі» жобасын жүргізіп отырған Нұрдәулет Нұртаев. Ол өзі ұтып алған гранттың алғашқы 500 мың теңгесіне тауық қора салып, 50 тауық сатып алды. Өзінің айтуынша, жобаны шілде айынан бастап, ауданымыздағы аз қамтылған 30 жанұядағы 140 адамға 1500 жұмыртқаны тегін таратып берген.

-Бұл - «Жастар көмегі» жобасының бірінші траншы бойынша атқарылған жұмыстар. Енді екінші транш бойынша қаржы түскеннен кейін тағы да 50 тауық алуды жоспарлап отырмыз. Сонда қолдау алатын жанұялар саны да көбейе түспек. Жоба бойынша бұл жұмысымызды қараша айының аяғына дейін жалғастырамыз. Әрі қарай жеке құс фермасын ашу да ойда бар,-дейді Нұрдәулет Айсаұлы.

Естеріңізге сала кетсек, «Zhas Project» – дипломы жоқ, жұмыссыз жүрген жастарды, мүмкіндігі шектеулі және тұл жетімдерді қолдауға бағыт алған бірден-бір жоба. Бұл бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жастар қатысуда. Оларға 1 000 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы беріледі. Қазіргі уақытта жобаға қатысушылар бұл қаржының 50 пайызын алды. Осы қаржыны игергеннен кейін қалғаны берілмек. Сондай-ақ жобаны іске асырудың әр айы үшін 6 ай көлемінде шәкіртақы беріледі. Жоғарғы оқу орнын бітіргендерге – 60 мың теңге, орта оқу орнын немесе мектеп бітірген жастарға 40 мың теңгені қамтиды. Қатысушылар өз жобасы бойынша тапқан табысын мұқтаж жандарға тегін беруде.

-Мен - мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған анамын. Біз сияқты қиын жағдайға тап болған адамдар көмектің қандай түріне де риза. «Zhas Project» жобасы әлеуметтік тұрмысы төмен жанұялар үшін жасалған екен. Осы бағдарлама аясында «Жастар көмегі» жобасын жүзеге асырушы Нұрдәулет өзінің өсіріп отырған тауықтарының өнімін бізге де әкеліп тұрады. Жастардың жұмыстары алға баса берсін,-дейді қала тұрғыны И. Сақтағанова.

Қ.Дүйсенбетов

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner