Саржайлаудағы тимбилдинг

Тимбилдингке келгендер өзара 3 топқа бөлініп, сайысқа түсті.

Жақында аудандық Атамекен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен "Бастау жобасы" тыңдаушыларына «Саржайлау» демалыс орнында тимбилдинг өтті.

«Тимбилдинг» - бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжым жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бірыңғай мақсат және жеңіп шығу игілігіне командалық жұмыс идеясы спорттан алынды және жетістікпен тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарда да орын тапты.

timbilding

timbilding1

Іс-шара тамаша табиғат аясында, таза ауада түрлі қызықты ойындар мен логикалық сұрақтармен 3 топтың ұйымшылдығы тексерілді. Тимбилдингке келгендер өзара 3 топқа бөлініп, сайысқа түсті. Нәтижесінде командалар тең ұпай жинап, төрешілер «Достық жеңді» деп, қатысқан барлық командаларға сыйлықтар тарту етті.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай мәдениет пен спортқа қатысты шаралар ұйымдастыруды қолға алмақ. 

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521