ТШО-ға қажет мамандық

Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры Марат Ибраевтың хабарлауынша, колледж басшылығы алдағы жаңа оқу жылын жаңа мамандықтармен толықтырмақ.

Атап айтқанда, жазда «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша абитуриенттер қабылдай бастайды. Онда оқытылатын студенттер «Слесарь-жөндеуші», «Апатты қалпына келтіру жұмыстары слесарі» кәсіби біліктілігін алып шығады.

Марат Оразұлының айтуынша, аталған мамандық «Теңізшевройл» ЖШС-нің сұранысы бойынша ашылып отыр. Сонымен қатар «Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар» мамандығы да ашылмақшы. Онда студенттер «Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын құрастырушы» кәсіби біліктілігіне оқытылатын болады. Бұл да - аудандағы тапшы кәсіптің бір түрі.

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521