ads_banner

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын...

«Кең Жылыой» мәдениет үйінде «Жырлаймын, ұстаз, өзіңді» атты салтанатты шара болып өтті. Алдымен, лэд-экранда ұстаздарға арналған бейнеролик көрсетілді.

Сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Ж.Рашев ұстаздарды мерекемен құттықтап, мерейжас иелері 85 жасқа толған Дәмен Құлдасынова, Алтын Жұмақұлова, Қалима Қизағалиева мен Ақбалым Тұрниязова, Лайық Құрманғалиева мен Баян Бозданова, Баян Алтаева мен Жұпар Хайруллинаға, Гүлшара Шалхароваға, Балзия Базарбаеваға, Сәулеш Жанекешоваға, Бекболат Сәрсенғалиев, Баян Қосамановаға, Дамила Махамбетова, Сәнзия Ербөлекова, Қажығали Сәкенов, Балзия Ербөлековалар сыйлық пен гүл шоғын тарту етті.

ustaz2

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Шынар Темірбаева, №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Майра Қалихова, №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар Тәжіғалиева, №9 орта мектептің денешынықтыру пәні мұғалімі Төлеген Багитов аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Әнші Дәмелі Сарова мен шәкірті Гүлназым Хисен «Ақбұлақ» әнін шырқады.

ustaz3

Мәслихат хатшысы М.Кенғанов ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, С.Елсейітов, А.Имашева, Г.Ерғалиева, Н.Қожағұлова, А.Сембиева, С.Ербөлекова, Д.Елеубаева, Г.Таңатарова, О.Миняева, И.Сафонова, Ж.Ержанова, А.Сағыновты, Г.Қалиеваларды аудандық мәслихаттың алғысхатымен марапаттады.

Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Таңатарова ҚР Білім және ғылым министрлігінің құттықтау ашықхатын бірқатар мұғалімдерге табыс етті.

ustaz4

Әр саладағы мұғалімдер: А.Қабыланбеков, А.Қақпанбаева, Г.Иманғалиева, Н.Мәмбетиязова, Г.Құсайынова, Г.Хинаятова, Р.Иманалина, М.Бейсова, Р.Дәрментаева, Қ.Қосбаева, Б.Әскерова, Г.Қанжанова, Т.Қарамұрзиевалар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар көп жылдар білім саласына еңбек сіңірген мұғалімдер ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің алғысхатымен, Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен және алғысхатымен марапатталды.

ustaz1

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымының Құрмет грамотасын, білім бөлімінің Құрмет грамотасын да мұғалімдер иеленді.

Жас өнерпаз Медина Мұхаммед «Ұстаздар» әнін, скрипкашылар ансамблі туындыларын, Нұржан Махамбет «Мен сіздерді жақсы көремін!» әнін, Құлсары балалар Өнер мектебінің «Маржан» би тобы мың бұралған биді, жас мамандар «Ұстазым» әнін, Құлсары балалар Өнер мектебінің оқушылары «Алтын өмір-ай» әндерін орындады.

Ж.Шаңқанова

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner