ads_banner

«Берекелі, жомарт күз!»

Еліміздің болашақ ұрпағын рухани-адамгершілік қасиеттерге бай, білімді, талғамы жоғары, саналы азамат етіп тәрбиелеу-бүгінде басты міндет. Бұл ретте мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жүктелер жүк те жеңіл емес. Қазір әлем қарқынды өзгеруде, сол себепті біз ата-аналар бүлдіршіндеріміздің заман талабына сай тәрбиеленуін қалаймыз. Осы ретте айтқым келгені балаларымыз тәрбиеленіп жатқан «Әсем» ясли бақшасында да әртүрлі деңгейде ашық тәрбиелік шаралар өткізіледі. Соның дәлелі - жақында өткізілген «Берекелі, жомарт күз!» мерекесі. Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгілдің ерекше құбылыстары болады. Соның ішінде өте тамаша мезгіл - күз мезгілі. Күз мезгіліндегі ерекшеліктерді насихаттау мақсатында Әсем балабақшасының «Тамшылар» тобында «Берекелі, жомарт күз!» тақырыбында ертеңгілік болып өтті.

berekelykuz1

Мақсаты бүлдіршіндерді күз әлемімен таныстыру. Жаңабаева Арайлым Амангелдіқызы бүлдіршіндерді ән-саз маманы Күнайхан Құсайынқызының сүймелдеуімен ортаға алып шықты. Ертеңгілікті балабақша меңгерушісі Разия Айтқалиқызы ашып берді. Бүлдіршіндер күз ханшайымымен бірге өз өнерлерін көрсетті. Ән-саз маманы Күнайхан Құсайынқызының сүймелдеуімен ән салып, би биледі. Күз ханшайымы бүлдіршіндердің өнеріне риза болып, сыйлықтар үлестірді. Ертеңгілік соңында балабақша меңгерушісі Разия Айтқалиқызы бүлдіршіндерге алғыс білідіріп, «Бала тілі - бал» атты балабақшаішілік байқауда жеңіске жеткен ата-аналарды марапаттады.

«Тамшылар» тобының ата-аналары

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner