Жылыой ауданында су тасқыны кезінде қараусыз қалған үйлерден 60 атыс қаруы уақытша алынды

Бұл туралы Жылыой аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Шыңғысхан Бағытов мәлімдеді.
- Жылыой аудандық полиция бөлімі қызметкерлері су тасқыны кезінде ауданда тіркелген атыс қаруларын түгендеп, қараусыз қалған үйлердегі қаруды полиция бөліміне тапсыру бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.Су басқан аймақтарда тіркелген 60 атыс қаруы алынды.

Тұрғындардың Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына өздерімен бірге алып кеткен 4, Ақтау қаласына бірге алып кеткен 3, Атырау қаласына өздерімен бірге алып кеткен екі, үйлерін су басып қалып қойған 1 қару анықталды. 4 қару иесін анықтап табу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, төтенше жағдай салдарынан үйлері қараусыз қалған жағдайда тұрғындар заңды қаруларын аудандық бөлімге уақытша тапсырулары тиіс , - деді Шыңғысхан Бағытов.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521