Құлсары қаласына жаңа әкім сайланды

Құлсары әкіміне 2 үміткер болған еді.

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңының негізінде 6 қыркүйек күні Жылыой ауданының Құлсары қаласы әкімін сайлау жиыны өтті.

Сайлауға Жылыой аудандық мәслихатының 13 депутаты қатысты. Қазақстан Республикасының гимні шырқалып, Жылыой аудандық маслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов сөз сөйледі. Жылыой аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Зәуреш Қалмұханова сайлау заңдылықтарымен таныстырды. Құлсары қаласы әкіміне 2 кандидат үміткер болған еді. 13 сайлаушының 2-еуі Айтпенбет Даниярға дауыс берсе, 10-ы Ысмағұл Ернарға дауыс берді. Қалған 1 бюллетень жарамсыз болып танылды.

sailauernar1

Сайлау нәтижесінде Құлсары қаласы әкімі болып 1984 жылы туған, қазақ, бұған дейін Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы боп қызмет атқарған Құлсары қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ысмағұл Ернар Құтқожаұлы сайланды.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521