Халықты баспанамен қамту

Басты міндет - халықты сапалы баспанамен қамту

Аудан тұрғындарын баспанамен қамту маңызды мәселенің бірі. Бүгінге дейін өзектілігін жоймаған бұл мәселені шешу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, жұмыстар жүзеге асуда. Биыл Құлсары қаласындағы «Атырау» ықшмауданында 5 қабатты 100 пәтерлік 3 үйдің құрылысы басталғаны белгілі. Жақында "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы жанындағы бақылау комиссиясы құрылыс басында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Естеріңізге сала кетсек Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл 27 ақпанда өткен партияның XVIII съезінде еліміздің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аудара отырып, "Құтты мекен" партиялық жобасын іске қосуды тапсырған болатын. Комиссия мүшелері тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражаттың нақты жұмсалуын тексерді.

kuttymeken2

Тұрғын үйді салу жұмыстарын құрылыс саласында тәжірибесі бар «Каспийская Кадровая Ассоциация» ЖШС жүргізіп жатыр екен. Байқағанымыз құрылыс алаңы қоршалып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Екі үйдің іргетасын құю жұмыстары жасалуда. Құрылыс алаңының бір бөлігіне бетон зауыты орналастырылған. Бетон араластырғыш көліктер де бар. Құрылыс алаңындағы мамандардың айтуынша қазіргі кезде жүзге жуық адам жұмыс жасап жатыр екен. Оның 18-і жергілікті тұрғын көрінеді. Құрылысқа қажетті материалдар еліміздің ішінен алынуда. Атап айтсақ қиыршық тастар Ақтөбе облысынан, ал цемент Маңғыстау облысындағы Шетпе поселкесіндегі цемент зауытынан жеткізілуде. Жалпы бұл жердегі құрылысқа алдағы уақытта барлығы 300-ге жуық адам жұмысқа тартылмақ.

kuttymeken1

Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда. Жұмыс барысымен танысқаннан кейін комиссия мүшелері аталған мекемеге аудандағы жұмыссыздық мәселесін жоюға атсалысып, жергілікті тұрғындарды көбірек жұмысқа тарту, техникалық қауіпсіздікке жауапты мамандарды көбейтуге ұсыныс берді.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521