Көшеге шықсаң Ошаған "жабысады"

«Ошаған - раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктер» дейді уикипедия. Біздің білетін ошаған тікен қаптаған көк бұршақтай өсімдік қой. Кәдімгі өрістен қойдың жүніне жабысып келетін, шөппен бірге ілесіп жүретін ошаған. Айта берсе, ошаған шөбінің тұнбасы мен майының медицина мен косметологияда қолданылатын тұсы көп. Әсіресе шаштың түсуін тоқтататын «репейное масло» дегенді естімеген адам жоқ шығар.

Бірақ, Құлсары қаласы тұрғыны Несібелі Әбуованың айтуынша, ошағанның пайдасымен қоса зияны да бар екен. Оның айтуынша, бұл ылғалды қажет ете бермейтін өсімдік ықшамаудан үйлерінің арасынан бастап, далалыққа шейін жер талғамай өсе береді. Төрт түлік бұл өсімдікті гүлдемей тұрып жапырағын жейді, ал тікен қаптап кеткен соң ошаған малдың жүніне жабысып, желінін жырады. Одан күйі кеткен малдың еті арып, сүті қашады екен. Ал біреуі іліксе, түгел тұтаса жабысатын ошаған малдың жүнін бүлдіреді. Себебі жабысқан ошағанды қайшымен қиып алмаса, оңай алынбайды. Сондықтан да Ақкиізтоғай, Жем аумағындағы, әрісі Ақтөбедегі малгерлер жүнді пайдаға жаратудан қалған. Осы мәселені айтқан тұрғын ошағанмен күресу қажет екенін айтып отыр. Тұрғынның ұсынысы мынау: ауыл арасында өскен ошаған ошағын күреп, өртеу керек, өйткені дәні қап қойса, қайтадан қаулап өсіп кетпек.

С.ӘЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521